Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы - «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу  жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Бас директоры

 

Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы

 

 

Бас директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, екі мәрте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері

 

А.А.Жәрменов 1956 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысы Бабайқорған аулында дүниеге келді.

 

1976 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітірді.

 

ҚазССР ҒА Химия-металлургия институтында (1976-1993 жж.) аға лаборанттан бастап, инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория, бөлім меңгерушісі, Қарағанды мемлекеттік университетінің аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісінен (1985-1987 жж.) Бас директордың бірінші орынбасарына дейінгі кәсіби өсу сатысынан өтті, ал 1999 жылдан «Қазақстан Республикасы минералдық шикізаты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлтық орталығы» РМК Бас директоры.

 

Ғылыми дәрежесі, атақ

  • Техника ғылымының кандидаты («Мысты электролитті рафинаттау ерітіндісін электродиализді өңдеу», 1982 ж.)
  • Техника ғылымының докторы («Технологиялық ерітінділерден өтпелі металдардың тұздарын бөлу мен алу тәсілдерін және физика-химиялық негіздерін әзірлеу», 1991 ж.)
  • Профессор (1994 ж.)
  • ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1995 ж.)
  • Академик:

    РҚ Минералдық ресурстар академиясы (1997 ж.),

    Халықаралық минералдық ресурстар академиясы (2000 ж.),

    ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясы (2001 ж.),

    ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы (2004 ж.),

    Халықаралық ақпараттандыру академиясы (2005 ж.),

    Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы (2008 ж.).

 

Марапаттары

 

«Құрмет» орденінің иегері (2000 ж.), Қазақстан Республикасының білім, техника және ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (2001, 2015 ж.), «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2003 ж.), Е.А.Бөкетов атындағы сыйлық (2005 ж.), академик У.А.Жолдасбеков атындағы сыйлық пен алтын медаль (2011 ж.) иегері. «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі, «КСРО өнертапқышы» (1980 ж.) және «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» кеуде белгілері, Қазақстан Республикасның Бірінші президенті алтын металі (2011 ж.), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалі (2011 ж.). Түркістан қаласының құрметті азаматы.