21.07.2025
Металлургтер күнімен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығында (бұдан әрі- ҚР МШКҚӨҰО) Металлургтер күніне арналған іс-шара өтті. Бұл кәсіби мереке – отандық тау-кен металлургия саласының дамуына үлес қосып жүрген металлургтер мен ғалымдардың еңбегінің маңыздылығын айқындайтын күн.
Мереке аясында Орталық қызметкерлерінің корпоративтік рухын және командалық өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған тимбилдинг ұйымдастырылды. Іс-шара бейресми жағдайда әріптестердің кәсіби жоспарлармен және идеялармен бөлісуге, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелердің ағымдағы және перспективалық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.
Салтанатты шара барысында Орталық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын дамытуға қосқан адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және жеке үлесі үшін ведомстволық марапаттар мен Құрмет грамоталары табысталды.
ҚР МШКҚӨ ҰО басшылығы қызметкерлерге жауапкершілігі, кәсібіне адалдығы, ғылыми жетістіктері, сондай-ақ минералдық және техногендік шикізатты кешенді өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Бұл кәсіби мереке жаңа жетістіктерге, ғылыми жаңалықтарға және еліміздің тау-кен металлургия саласын одан әрі дамытуға серпін берсін.
Металлургтер күні құтты болсын!