Химиялық өнеркәсіп
Күріш қауызын термиялық өңдеу («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)
«Шапағат» Республкиалық байқауының нәтижелері бойынша 2007 ж. ең үздік жаңалығы деп танылған күріш қауызын кешенді өңдеу технологиясы әзірленді. 300 кг/күн күріш қауызын өңдеуге арналған тәжірибелік қондырғы жасалды, алынатын өнімдер (кремний көміртек (КК), органикалық өнім (ОӨ)) шаруашылықтың әр түрлі салаларында сыналды.
Майда сынып көмірлерінен кесекшелерді алу технологиясы (Д.А. Қонаев ТКІИ)
Техногендік жаралымдарды биотехникалық қайта өңдеу технологиясы (Д.А.Қонаев ТКІИ)
Композициялар техногендік нысандар бетінің бөлшектік бөліктерін берік қабат – қабықша түзе отырып жентектейді, гуминқұрамды композициялар өсімдік ұрығының өсуіне жағдай жасайды.
Шилісай кен орнының фосфориттері негізіндегі кешенді органикалық минералдық тыңайтқыштар («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)Қарапайым қышқылсыз сұлба бойынша фосфориттік кендер мен Шилісай кен орнының «Темір – Сервис» ЖШС өндіретін фосфорит ұнын маханикалық-химиялық белсендіруді жүргізу жолымен күрделі араласқан кешенді тыңайтқыштарды түйіршіктелген түрде алудың технологиялық параметрлері әзірленді. Азоттың, фосфордың, калийдің және микроэлементтердің белгіленген мөлшері бар аса тиімді тук қоспаларды алуға мүмкіндік беретін ұнтақтәріздес фосфорит ұны мен органикалық құраушылардың (құс және мал шаруашылықтарының қалдықтарының, күріш қауызын күйдіре өртеу сұйық өнімінің) тиімді құрамы анықталды.
Кеңістік-домалақ құрылымның полимерлік сүзгіш элементтері (Казмеханобр)
Мәселелер топтамасын шешу үшін ион алмасу материалдардың түр-түрі алынды. Сүзгіш элементтер үрдістің жоғары іріктегіштігі мен талғампаздығын, сорбция мен элюацияның шапшаң режимін қамтамасыз етеді.
Цианидтерді ағынды сулар мен қойыртпақтарда автоматты түрде талдағыш («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)
Үздіксіз жұмыс істейтін тұрақты автоматты құрал. Әр түрлі кәсіпорындардың ағынды сулар мен қойыртпақтарындағы цианидтердің шоғырлануын балық шаруашылығы және санитарлық нормалар деңгейінде анықтау үшін арналған. Құрамында цианид бар ағынды суларды тазалау үрдістерін реттеуді басқару жүйелерінде, сонымен қатар тұрмыстық-шаруашылық және балық шаруашылығы мақсатындағы су қоймаларына кәсіпорындар тастайтын ағынды сулар сапасын бақылау жүйелерінде тетік ретінде қолданылады. Талдағыш талдаудың белгілі әдістерімен салыстырғанда ағынды сулардағы цианидтерді сандық анықтауды 10 есе жылдам жасауға мүмкіндік береді.
|