Байыту
Алтын кендерді байыту технологиялары (ШҒЗТКМИтүстімет)
Жобалауға технологиялық регламенттер әзірленді.
Асыл металдарды шығара отырып техногенді жаралымдарды өңдеу технолгогиясын әзірлеу (ШҒЗТКМИтүстімет)Қазақстанның байыту және алтын шығаратын фабрикаларының үйінді қалдықтары құраған технологенді жаралымдардан алтын мен түсті металдарды келесілерді пайдалана отырып алудың аралас технологиясы әзірленді: байытудың гравитациялық, флотациялық, гидрометаллургиялық әдістерін, техногенді шикізатты өте ұсақ ұнтақтауды, қойыртпақты кондициялаудың оригиналды әдістерін, жаңа реагенттік режимдерді.
Кедей және техногенді қалдықтардан алтын мен мысты үймелік ерітіндіге өткізу технологиясы (Казмеханобр)
Ион алмастырғыш шайырлар арқылы сорбциялық алтынды шығару технологиясы (Казмеханобр)
Үлкен Қаратаудың ванадийлі қара тақтатас кендерін кешенді өңдеу технологиясы («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)
«Құндыбай» кен орнының иттрий сирек жер кендерін ұқсату технологиясы (Казмеханобр)«Құндыбай» кен орнының иттрий сирек жер кендерін гравитациялық-магниттік сұлба бойынша ірілігі -3+0,1 мм, құрамында келесі (барлығы) – 11-12%, Al2O3 - 7%, SiO2 – 48%, P2 O5 - 8-9% сирек жер металдар тотығы бар біріккен сирек жер шоғырын ала отырып өңдеу технологиясы әзірленді.
Микро-нано бөлшектерді флотациялауды оның cулы ерітінділерінен газдарды бөлу арқылы газбен қамтамасыз етудің пульсациялық технологиясы («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)ҚР МШК ҰО байыту зертханасында өткен ғасырдың соңғы жылдарында шығару дәрежесі мен басқа факторларға қарамастан, флотация жылдамдығы бірінші 4 минут ішінде өсіп, күрт бүгілуден кейін төменге қарай ұмтыладығы эксперименттік түрде орнатылды. Оның себебі газдардың судағы белгілі еру түпкі шегінен – термодинкамикалық «тұрақты» жағдайларда 25 мг/л-ден - көп емес болатыны бұл фактордың теориялық талдауы және газдардың еру қабілетінің рөлін эексперименттік зерттеу нәтижесінде анықталды.
|