Құрылу мақсаты:
Тау-кен-металлургия саласының технологиясын жетілдіру және ғылыми-техникалық әзірлемелерді сынау үшін өндірістік-тәжірибе сынақ орталығын қалыптастыру және оларды коммерциялау.
Металлургия орталығы құрамында:
- Көмірқұрамды материалдар мен көмірді өңдеу бойынша тәжірибе-өндірістік телімі.
- Жинақы бұйымдар мен сусымалы материалдарды қалыптастыру бойынша тәжірибе-өндірістік телімі.
- Тәжірибе-өндірістік модульді байыту фабрикасы.
- Пирометаллургиялық үрдістер бойынша тәжірибе-өндірістік телімі.
Саланың келешегі:
- өнім номенклатураларын көбейту үшін металлургиялық кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтау және әртараптандыру;
- техногенді қалыптасулар мен ірі, орта және шағын кенорындарын игеруге орай инновациялық өндірістер мен кәсіпорындарды дамыту;
- илектік және керамикалық бұйымдар мен кешенді балқымалар, қиынбалқитын, жерсиректі және сирек металдарды қайта туындату және келесі кезекте өндірісті дамыту;
- жаңа технологиялық үрдістерді жасау мен оңтайландыру және кейіннен жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасай отырып өнеркәсіптік өндірістерді жобалау;
- лицензиялық келісім шартын жасау кезінде жаңа технологиялық үрдістер мен қондырғыларды көрсете білу (демонстрациялау);
- минералды-технологиялық карталау бойынша толық мәліметтер ала отырып, минералдық шикізаттарды технологиялық сынақтан өткізуге арналған өкілетті алаң;
- технологиялық әзірлемелер сараптамасы мен өндірістің техникалық жағдайын бағалау және олардың даму тенденциясы мен заманауи экологиялық нормативтердің талаптарына сәйкестігі;
- жергілікті және азтапшылықты төменгі сыныптық көмірді пайдалана отырып жақсартылған экологиялық сипаттамасымен арнайыкокс шығарудың технологиялық бейімделуі (адаптациясы) мен трансфері;
- отынның альтернативті экологиялық қауіпсіз және көміртекті тотықсыздандырғыштардың жаңа түрлерін жасау бойынша энергиясақтаушы технологияларды әзірлеу;
- сусымалы материалдардан қалыптанған бұйымдардың жаңа түрлерін жасауды тәжірибе-өндірістік масштабында әзірлеу және ендіру;
- келесі кезектегі сериялық сынақтар үшін жоғары қосымша құнды жаңа өнім түрлерінің тәжірибе-өндірістік партиясын шығару.
Ғылымның келешегі:
- отын-энергетика және тау-кен-металлургия кешені үшін өнімнің жаңа түрлерін өндіру технологияларының ғылыми әзірлемесі;
- техникалық регламенттер, бастапқы мәліметтердің әзірлемесі;
- өндірістік, тәжірибе-өндірістік және тәжірибелік қондырғыларды жобалауға қатысу;
- әзірленген технологиялар бойынша іске қосу-баптау жұмыстары және жобаны авторлық сүйемелдеу;
- венчурлік және инновациялық бизнестердің дамуы үшін жағдай жасау.