KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Күріш қауызын термиялық өңдеу

 

Қысқаша сипаттама:

 

Күрішті өңдеу қалдығы – күріш қауызын – күріш салмағының 20-30 % құрайды (әлемде – 150-200 млн т/жыл, Қазақстанда – 70 мың т/жыл).

 

«Шапағат» Республкиалық байқауының нәтижелері бойынша 2007 ж. ең үздік жаңалығы деп танылған күріш қауызын кешенді өңдеу технологиясы әзірленді.

 

300 кг/күн күріш қауызын өңдеуге арналған тәжірибелік қондырғы жасалды, алынатын өнімдер (кремний көміртек (КК), органикалық өнім (ОӨ)) шаруашылықтың әр түрлі салаларында сыналды.

 

 

Күріш қауызын өңдеуге арналған тәжірибелік қондырғы

Күріш қауызын өңдеуге арналған тәжірибелік қондырғы

 

 

Резеңке өндірісінде дәстүрлі техникалық көміртек пен ақ күйе орнына толтырғыш ретінде кремний көміртегін пайдалану резеңкелік қоспалар мен дайын вулканизаторлардың технологиялық сипаттамаларын жақсартуға: иілімділіктің өсуіне (10-12 %-ға), адгезиялық қасиетті жақсартуға және беріктік қасиетін нығайтуға (10-12 %-ға) көмектеседі. Көміртекті антифракициялық бұйымға кремний көміртегін енгізгенде олардың қасиеттерін жақсартады, бірқатар газөткізгіштікті төмендетеді және агрессиялық орталарда қызмет көрсету мерзімін ұлғайтады.

 

Кремний көміртегін ауылшаруашылық құсының жем рационына қосу оның сақталуы мен өнімділігіне оң әсер етеді: тірі салмақ өсуі 25-38 %-ға жоғарылайды, тұқым тасушылық - 12-15%, жемнің өсу бірлігіне шығыны 25-29 %-ға төмендейді.

 

Органикалық өнімнің 0,5% ерітіндісін өсімдіктер өсуінің стимуляторы ретінде пайдалану жоңышқа жасыл массасының - 22,4 %-ға; арпа дәнінің - 26,3 %-ға; жүгерінің - 28,6 %-ға өнімділігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді.

 

Органикалық өнімнің 50% ерітіндісі туберкулез жасушаларына қарсы залалсыздандырушы құрал ретінде пайдалы.

 

Жоғары таза кремний көміртек композитінен көміртекті қорыту бойынша сынақтар жүргізілуде.

 

Дайындық дәрежесі:

 

Әзірленген технология өнеркәсіптік енгізуге дайын. Өнеркәсіптік өндіріске (әлемдік тәжірибеде жоқ) жалпы шығын $2,5 млн құрайды. Өнімділігі жылына 1200 т КК және 900 т өнеркәсіптік модулдік қондырғы өнімді өткізуден шамамен жылына $2 млн қамтамасыз етеді. Өндіріс тиімділігі – 124 %.

 

Қолдағы патенттер:

 

Күріш қауызын өңдеу технологиясы мен алынған өнімдерді көрсетілген салаларда пайдалану ҚР патенттерімен қорғалған.

 

Серіктестері:

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.

 

Байланыстар:

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК

050036, Алматы қ., Жандосов к., 67

Тел.: (727) 2590073

Факс: (727) 2590075

E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек