Техногендік жаралымдарды биотехникалық қайта өңдеу технологиясы
Қысқаша сипаттама:
Техногендік нысандар мен нашарлаған жерлерден шығатын шаңды белгілі құрамды қойыртпақ тәріздес композициялармен жабу арқылы шаң шығуды азайтатын технология әзірленді.
Композициялар техногендік нысандар бетінің бөлшектік бөліктерін берік қабат – қабықша түзе отырып жентектейді, гуминқұрамды композициялар өсімдік ұрығының өсуіне жағдай жасайды.
Әзірленген композициялар келесі маңызды тапсырмаларды шешуге көмектеседі:
- шаңдалатын нысандардың атмосфераға кері әсерін төмендету;
- өсімдік қабығының өнімі үшін табиғи субстарт жасау;
- ауылшаруашылық бағыттағы нашарлаған жерлерді оларды айналымға қайтару мақсатында қайта өңдеу;
- кен қазу аймақтардағы қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- өнеркәсіптік саланың тұрақты даму бағдарламасын орындау.
|
|
Мыс кендерін байытудың әзірленген құрамдағы қалдықтары |
Өңделген құрамдағы байытудың қалдықтары үстіндегі гүлзар шөп өскінінің сыртқы көрінісі |
Дайындық дәрежесі:
Жезді РБ мен «Жезқазғантүстімет» АҚ қалдық қоймаларында тәжірибелік-өнеркәсіптік зерттеулер жүргізілді.
Қолдағы патенттер:
Технология мен композиция КСРО авторлық куәліктері және ҚР инновациялық патентімен қорғалған.
Серіктестері:
«Урожай» ЖШС НПФ.
Байланыстар:
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Д.А.Қонаев ТКІИ» ЕМК
050046, Алматы қ., Абай даңғ., 191
Тел.: (727) 3765364
Факс: (727) 3765297
E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек