Шилісай кен орнының фосфориттері негізіндегі кешенді органикалық минералдық тыңайтқыштар
Қысқаша сипаттама:
Қарапайым қышқылсыз сұлба бойынша фосфориттік кендер мен Шилісай кен орнының «Темір – Сервис» ЖШС өндіретін фосфорит ұнын маханикалық-химиялық белсендіруді жүргізу жолымен күрделі араласқан кешенді тыңайтқыштарды түйіршіктелген түрде алудың технологиялық параметрлері әзірленді. Азоттың, фосфордың, калийдің және микроэлементтердің белгіленген мөлшері бар аса тиімді тук қоспаларды алуға мүмкіндік беретін ұнтақтәріздес фосфорит ұны мен органикалық құраушылардың (құс және мал шаруашылықтарының қалдықтарының, күріш қауызын күйдіре өртеу сұйық өнімінің) тиімді құрамы анықталды.
Ленгер және Ақтөбе кен орындарының тотықты қоңыр көмірлерінің өзара әрекеттесу үрдістерінің физика-химиялық негіздері зерттелді және бұл көмірлерден құнарландыратын композицияларды алу үшін бастапқы мәліметтер алынды. Әзірленген органикалық минералдық тыңайтқыштар құрамы отандық шикізатты, улы қалдықтарды пайдаланады және топырақ құнарлылығы мәселелерін шешіп, ауылшаруашылық аймақтарда экологиялық ахуалды едәуір жақсарта алады.
Дайындық дәрежесі:
Кешенді органикалық минералдық тыңайтқыштарды өндіруге зертханалық зерттеулер жүргізіліп, технологиялық параметрлер алынды. Зертханалық ірілендірілген жағдайда берілген тыңайтқыштарды түйіршіктелген күйде өндіру үрдісі меңгерілді.
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК агрохимиялық сынақтар үшін бастапқы топқа техникалық мүмкіндікке және тәжірибелік топқа атқарылған жұмыстарға ие. Келешекте зерттемеге қатысушылар өндірушілер кәсіпорындарында жаңа тыңайтқыштар өндіру бойынша бұл жобаны енгізу және ұйымдастыруға қатысуға дайын.
Қолдағы патенттер:
Өнертабысқа сұраныс берілді.
Серіктестері:
«Темір – Сервис» ЖШС Ақтөбе қ.;
«Қайнар» ЖШС Шымкент қ.;
ҚазМЖӨШҒЗИ Алматы қ.
Байланыстар:
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК
050036, Алматы қ., Жандосов қ., 67
Тел.: (727) 2590070, қос. 136
Факс: (727) 2590075
E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек