Цианидтерді ағынды сулар мен қойыртпақтарда автоматты түрде талдағыш
Қысқаша сипаттама:
Үздіксіз жұмыс істейтін тұрақты автоматты құрал.
Әр түрлі кәсіпорындардың ағынды сулар мен қойыртпақтарындағы цианидтердің шоғырлануын балық шаруашылығы және санитарлық нормалар деңгейінде анықтау үшін арналған.
Құрамында цианид бар ағынды суларды тазалау үрдістерін реттеуді басқару жүйелерінде, сонымен қатар тұрмыстық-шаруашылық және балық шаруашылығы мақсатындағы су қоймаларына кәсіпорындар тастайтын ағынды сулар сапасын бақылау жүйелерінде тетік ретінде қолданылады. Талдағыш талдаудың белгілі әдістерімен салыстырғанда ағынды сулардағы цианидтерді сандық анықтауды 10 есе жылдам жасауға мүмкіндік береді.
Құрамында цианид бар ағынды сулар түзілген өндірістік ғимараттарда (тазартқыш құрылысында), байыту және алтын өндіретін фабрикаларда, гальваникалық цехтар мен басқа нысандарда орнатылады.
ТАЛДАҒЫШТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ: | |
Өлшеу диапазоны, мг/дм3, CN | 0,25 |
Сезімталдығы, мг/дм3, CN | 0,02 |
Қуат көзін тұтынуы, ВА | 100,0 |
Габариттік өлшемдері, мм | 600х700х1800 |
Тез әсер етушілігі, мин | 15,0 |
Қателігі, қат., % | 10,0 |
Масса, кг | 75 |
Дайндық дәрежесі:
«Циан» цианидтерді автоматты талдаушы ҚР № 116/249-2001 01.11.2001 ж Мемтізіліміне енгізілген.
Қолдағы патенттер:
КСРО авторлық куәліктері мен ҚР патенті алынды.
Серіктестеі:
Васильковск ТБК;
Макмальск АӨФ.
Байланыстар:
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК
050036, Алматы қ., Жандосов к., 67
Тел.: (727) 3092582
Факс: (727) 3092578
E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек