«Казахстанский» қорытпасы мен ферросиликоалюминийді қорыту технологиясы
Қысқаша сипаттама:
Болатты қышқылсыздандыру, түрлендіру және легірлеуге арналған «Казахстанский» қорытпасы мен ферросиликоалюминийді қорытудың кондициялық емес көмір құрамды шикізатты қолдануға негізделген технологиясы әзірленді.
Легірлеу элементтер (ванадий, титан және т.б.) мен бейметалдық қосындылардың (кальций, барий және т.б.) элементтер-түрлендіргіштерінің қоспалары бар темір, кремний және алюминийдің алынған қорытпасы өзінің қасиеттерінің арқасында сұйық болатты жоғары дәрежеде игеруге ие, бейметалдық қосындылар мен анық ыстық жарықшақтарды азайтуды қамтамасыз етеді, өңделетін болаттың сапасы мен құрылысын жақсартады.
Дайындық дәрежесі:
«Казахстанский» қорытпасының тәжірибелік даналары ThyssenKrupp Metallurgie GmbH (Германияда) фирмаларының тестілеуден және «Ферросплавы» сауда үйі (Ресейде), Colakoglu Metallurgy (Турцияда) компанияларының өнеркәсіптік сынақтарынан сәтті өтті.
Қолдағы патенттер:
«Казахстанский» қорытпасына Қазақстан Республикасының, Украинаның, Ресей Федерациясының, Қырғызстанның патенттері, Еуропалық патент алынды.
ДЗМҰ халықаралық бюросында әлемнің 141 елінде халықаралық мәлімдеме жарияланды.
Халықаралық патенттеудің ұлттық фазасы басталды. Әлемнің 66 елдеріне, оның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Қытай елдеріне патент алуға тапсырыс берілді.
Серіктестері:
ThyssenKrupp Metallurgie GmbH (Германия).
Байланыстар:
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК
050036, Алматы қ., Жандосов к., 67
Тел.: (727) 2590070, қос. 149; 309-01-38
Факс: (727) 2590075
E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек