KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Құрамында қорғасын бар әр түрлі шикізатты өңдеудің КИВЦЭТтік технологиясы

 

Қысқаша сипаттама:

 

Құрамында қорғасын бар шикізатты өңдеудің КИВЦЭТтік технологиясы шикіқұрамды тозаңқондырғыш күйде оттек қолдана отырып күйдіру-балқыту үрдістерін біріктіруге, бір оригиналды құрылысты агрегатта үздіксіз өткізілетін оксидтік балқыманы тотықсыздандыруға және электрпеште жұтаңданған балқыманы тұндыруға негізделген. Шикіқұрамды оттек атмосферасында күйдіреді және балқытады, ал түзілген оксидтік балқыманы көміртермиялық тотықсыздандырып, келесілерді жоғары дәрежеде алады: қорғасын мен асыл металдарды – қара қорғасынға, мысты – штейнге, мырышты – айдамаларға немесе қожға, күкіртті – бай газдарға.

 

КИВЦЭТтік технология бойынша сульфидтік мыс-мырышты және қорғасын-мырышты шикізатпен қатар, күрделі құрамды материалдар: қорғасын-күмісті, қоғасын-мыс-мырышты шоғырлар мен тотыққан шикізаттар да өңделеді.

 

Дайындық дәрежесі:

 

Лицензиялық келісім шарттар төңірегінде Қазақстанда және алыс шет елдерде 5 КИВЦЭТтік кешендер салынды, және Қытайда КИВЦЭТтік технология бойынша «Jiangxi Copper Corporation» компаниясының қорғасын зауытының құрылысы мен «Zhuzhou Smelter Company» компаниясының қорғасын зауытын жаңғырту аяқталуда.

 

 

Portovesme S.r.l. қорғасын зауыты (Италия)

Teck Cominco ltd. қорғасын зауыты (Канада)

Portovesme S.r.l. қорғасын зауыты (Италия)

Teck Cominco ltd. қорғасын зауыты (Канада)

 

Zhuzhou Smelter Company салынып жатқан КИВЦЭТ зауытының макеті (ҚХР)

Zhuzhou Smelter Company салынып жатқан КИВЦЭТ зауытының макеті (ҚХР)

 

 

Қолдағы патенттер:

 

КИВЦЭТ-үрдісі мен агрегатқа ҚР, РФ, ҚХР патенттері бар. Нысан Индияда, Мексикада, Чилиде, Бразилияда, Боливияда патенттелуде.

 

Серіктестері:

 

«Форни Инжиниринг» итальяндық компания – КИВЦЭТтік агрегаттарды жобалаушы.

 

Чаншан түсті металдар жобалау институты, Қытай - КИВЦЭТтік технология бойынша қорғасынды өндірудің бас жобалаушысы.

 

Байланыстар:

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «ШҒЗТКМИтүстімет» ЕМК

070002, Өскемен қ., Промышленная к.,1

Тел.: (7232) 753773, 221101

Факс: (7232) 753771, 753773

E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек