Жаңа кешенді алюминий-хром-кремний құрамды қорытпаны (АХС) қорытып шығару технологиясын әзірлеу
Қысқаша сипаттама:
Ұсынылып отырған технологиялық сұлба қарапайым сұлбадан өзгеше, және кедей хром кендерін кешенді металлургиялық шикізат ретінде бағалап қана қоймай, жоғары күлді аз фосфорлы көмірлерді тотықсыздандырғыш ретінде қолдануға мүмкіндік береді. АХС кешенді қорытпасын қорыту үрдісі бір сатылы және қожсыз болып табылады. АХС қорытпасын алу тәсілі кен оксидтері мен көмірдің минералдық бөлігінің толық тотықсыздануына негізделген. Балқытуды жүргізудің бұл әдісі шикіқұрам құраушыларын жоғары дәрежеде пайдаланылуына септігін тигізеді, ал төменгі сұрыпты кен мен көмірді пайдалану өзіндік құны төмен қорытпа алуға, сонымен қатар балқыту пешінің элекртодтарын терең орналастыруды қамтамасыз ететін пайдаланатын көмірдің жоғары электркедергілігі есебінен пеш өнімділігін жоғарылату және үрдістің жүруін тұрақтандыру тәсілімен қорытпа сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Құрамында кремнезем мен саз балшық басым көмір күлі кен оксидтерімен тотықсызданады, сонымен қатар кремний мен алюминийдің қорытпадағы қосымша көзі болып табылады.
Әзірленіп жатқан технология мінсіз тәжірибелік қызығушылыққа ие бола отырып, өндіріске ауқымды енгзілгенде бір мезетте бірнеше мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- шикізат қорын ұлғайту кенөндіру саласына еңбек күшін тартуды талап етеді;
- кондициялық емес хром кендерін пайдалану кеніштердегі үйіндіні азайту есебінен экологияға оң әсер тигізеді;
- күлділігі жоғары көмірлерді металлургиялық қайта өңдеуге енгізу шекаралас елдерден коксты экспорттауды қысқартуға мүмкіндік береді.
Ферроқорытпа өндірісінде АХС қорытпасы тазаланған феррохром алуда, сонымен қатар болат балқыту саласында хром кендерінің тотықтарын тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылды. Болатты қышқылсыздандыру және легірлеу үшін АХС қорытпасын пайдалану қайтарма алюминий мен басқа да шөмішке қосылатын қышқылсыздандыру қоспаларының пайдаланылуын төмендетуге, кейбір жағдайларда толығымен болдырмауға мүмкіндік береді.
|
ХМИ ғимаратында қуаттылығы 200 кВА кендітермиялық пеште АХС қорытпасын қорыту бойынша ірі зертханалық сынақтардың жүргізілуі |
Дайындық дәрежесі:
Теориялық зерттеулер негізінде Тамман құбырлы пешінде АХС қорыту бойынша зертханалық тәжірибелер жүргізілді. Зертханалық сынақтар нәтижелері бұл кешенді қорытпаны 200 кВА трансформатор көмегімен кендітермиялық пеште қорыту бойынша ірі зертханалық сынақтарға негіз етіп алынды. Сынақтардың алынған оң нәтижелері өнеркәсіптік жағдайларда сынамаланып, өндіріске енгізілуіне болады.
Серіктестері:
Қазақстанның ферроқорытпа зауыттары.
Байланыстар:
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Ж. Әбішев атынд. ХМИ» ЕМК
Қарағанды қ., Ермеков к., 63
телефон: (7212) 43-31-64
факс: (7212) 43-31-61
E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек