Жоғары сұрыпты болат илектерін өндіру үшін домналық үрдістердің қорлары
Қысқаша сипаттама:
Технология күрделі қаржыны талап етпейді және металлургиялық өңдеу үрдісінде шойынға, болатқа және илекке, соңғының сапасын жақсарта отырып өтетін өндірістің шикіқұрамына бордың табиғи қосындыларының шекемтастарын енгізу арқылы іске асырылады.
500 мың тонна бор құрамды шекемтастарды Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінде қазу және Магнитогор металлургиялық комбинатындағы өңдеу қорытындылары бойынша келесі нәтижелер алынды:
- шекемтасьың ыстық беріктілігін 2 есе жоғарылату,
- әктас шығынын 12 %-ға төмендету,
- бентонит шығынын 2 есе төмендету,
- ұнтақтау кезінде шекемтастардың жоғалуын 100 т/тәулік-ке төмендету,
- домна пештерінің өнімділігін 4 %-ға жоғарылату,
- кокс шығынын 5 %-ға төмендету,
- күкірт бойынша (0,02 %-дан аз) жоғары дәрежелі шойын өнімін 65-70-тен 85 %-ға дейін ұлғайту,
- оттек конвертерінде қайтакүкірттендіру жылдамдығын 5 есе төмендету,
- әк пен доломитті үнемдеу - 4 %,
- автотабақ болатының 08Ю пластикалығын (d4) 3,5-8,7 %-ға жоғарылату,
- штамптау коэффициентін 25,3-41,0 %-ға жоғарылату,
- ерекше күрделі сорындыға (ЕКС) арналған илек өндірісін 2 есеге ұлғайту (32-ден 75 %-ға).
Дайындық дәрежесі:
Әлемдік тәжірибеде алғашқы рет ұсынылған тәсіл өнеркәсіптік жағдайларда Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі мен Магнитогор металлургиялық комбинатында жаңа технологияға өту арқылы тексерілді.
Қолдағы патенттер:
Технология КСРО авторлық куәліктерімен қорғалған.
Серіктестері:
Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі;
Магнитогор металлургия комбинаты.
Байланыстар:
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Ж. Әбішев атынд. ХМИ» ЕМК
Қарағанды қ., Ермеков к., 63
Телефон: (7212) 43-31-64
Факс: (7212) 43-31-61
E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек