KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Хризотил-асбест өндірісінің қалдықтарын күкірт қышқылдық тәсілмен тауарлы магнийлік өнімді сульфат, тотық және металл түрінде ала отырып қалпына келтіру технологиясы

 

Қысқаша сипаттама:

 

«Қостанай минералдары» АҚ асбест комбинаты жылда 5 млн. тоннаға дейін хризотил-асбест өндіреді, оның ≈ 8 % тауарлы талшық алынады, қалғаны үйіндіге жөнелтіледі. Бұл техногенді үйінділердің құрамында орташа мөлшерде 36-39 % MgO (21-23 % Mg) болғанда 1 млн. т. магний бар.

 

ҚР минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы 75-80 % магнийді сульфат түрінде ерітіндіге ала отырып хризотил-асбест қалдықтарын күкіртқышқылдық ерітіндіге өткізуді қарастыратын технологияны әзірлеуде және өнеркәсіптік енгізуге ұсынуда. Ерітіндіні темір, никель, кобальт және хром қоспаларынан тазарту цементациялық-химиялық тәсілмен жүргізіледі.

 

Магний сульфатының ерітінділерін булайды және, тазарту дәрежесіне байланысты, кристалдау арқылы «ч» маркалы немесе ылғалсыздандыру мен су мен күкіртті газ (SO2) буларын түзе отырып ыдыратуға жіберілетін техникалық маркалы MgSO4·7H2O алады. Соңғыны кейіннен үрдістің басында су булары және конденсатпен бірге ерітіндіге өткізу үрдісінде пайдалануға байланыс аппараттарға күкіртқышқылы өндірісіне жібереді.

Магнийдің техникалық таза тотығынан металлургиялық тотықсыздандыру арқылы металл құймаларда металдық магний алады.

 

 

Магний мен оның қосындыларын хризотил-асбест қалдықтарынан өндірудің технологиялық сұлбасы

 

Магний мен оның қосындыларын хризотил-асбест қалдықтарынан өндірудің технологиялық сұлбасы

 

 

Дайындық дәрежесі:

 

Технология зертханалық ауқымда өңделген, «ҚР МШКҰ ҰО» РМК тәжірибелік өндірісінде гидромтеаллургиялық қайта өңдеулерді жартылай өнеркәсіптік сынақтар өтгізуге дайындау жүргізілуде.

 

Қолдағы патенттер:

 

Барлық технологиялық операциялар бойынша техникалық шешулер жаңалығы анықталды, өнертабысқа тапсырыс беру рәсімделуде.

 

Серіктестері:

 

«Қостанай минералдары» АҚ.

 

Байланыстар:

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК

050036, Алматы қ., Жандосов к., 67

Тел.: (727) 2590070, қос. 143

Факс: (727) 2590075

E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек