Арнайы коксты өндіру технологиясы
Қысқаша сипаттама:
Қазақстанның энергетикалық көмірлерінен арнайы металлургиялық кокс өндірісінің технологиясы әзірленді.
Арнайы кокс ірілігі 5-25 мм құрамында 10 %-дан аспайтын күл бар электрометаллургиялық өнімдерге арналған қатты көміртектес тотықсыздандырғыш болып табылады, 150-300 мкм ірі, сонымен қатар майда – 0,5-1,0 мкм өлшемде пішінделген дамыған кеуекті құрылысы бар.
Арнайы кокс сипаттамаларының (жоғары әрекеттесу қасиеті және орташа электркедергілігі, элементтердің (күкірт пен фосфор) зиянды қоспаларының аз мөлшері):
- ферросилицийді қорыту кезінде электрпештер өнімділігін 25,0 %-ға дейін көбейту,
- ферросилицийді қорыту кезінде электрэнергияның орташа шығынын 6,0 %-ға, жоғары көміртектес феррохромды қорыту кезінде 2,6 %-ға төмендету,
- кремний шығару дәрежесін 3-5 %-ға, хром шығару дәрежесін 6-8 %-ға көбейту,
- ферроқорытпалар сапасын күкірт пен фосфор мөлшері бойынша әлемдік стандарттар талаптарының деңгейіне дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.
Арнайы кокс өндірісінің экономикалық тиімділігі төмен сыбағалы шығындармен, сонымен қатар энергетикалық көмірлерді ашық қазудың төмен құнымен қамтамасыз етілген.
Дайындық дәрежесі:
Технология өндіріске енгізілген. Қазақстанда бірқатар зауыттар құрылысы жоспарлануда.
Қолдағы патенттер:
Қазақстанның энергетикалық көмірлерінен арнайы кокс өндіру технологиясы ҚР патенттерімен және бастапқы патенттерімен қорғалған.
Арнайы кокс алуға арналған тәжірибелік қондырғы
Серіктестері:
«Қазхром» ТҰК» АҚ;
«Silicium Kazakhstan» ЖШС.
Байланыстар:
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК
050036, Алматы қ., Жандосова к., 67
Тел.: (727) 2590070
Факс: (727) 2590075
E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек