KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Алтын кендерді байыту технологиялары

 

Қысқаша сипаттама:

 

Алтын кендерді байыту бойынша әр түрлі технологиялық схемалар ең ірі зерттемелер болып табылады:

  • «Родниковое», «Оңтүстік Тоқтар» кен орындарының қатты алтын-мышьякты кендері үшін флотациялық концентратты күйдіру, цианидтік көмірлік-сорбциялық ерітінділеу, элюирлеу, электролиздеу, Доре қорытпасына балқыту.
  • «Келіншектау» кен орнының сульфидті кендері, «Жолбарысты», «Ниже-Кумыстинское» кен орындарының аз сульфидті алтын құрамды кендері үшін бір сатылы сұлба бойынша тауарлы флотациялық алтын концентраттарды алу.
  • «Шован» кен орны үшін екі сатылы сұлбасы бойынша алтын-күміс-мысты шоғырларды алу.
  • «Верхне-Кумыстинское» кен орнының алтын-күміс-мыс-қорғасынды кендері үшін гравитациялық-флотациялық екі сатылы сұлба бойынша тауарлы гравитациялық мысты, қорғасынды шоғырларды алу.
  • «Юбилейное» кен орнының алтын-мысты кендері үшін флотациялық шоғырды цианидтік көмірлі-сорбциялық ерітінділеу, элюирлеу, электролиздеу, балқыту.
  • «Ақсу», «Жолымбет» кен орындарының алтын құрамды кендері үшін және Ақсу байыту фабрикасы мен Жолымбет алтын өндіретін фабрикасының жатып қалған қалдықтары үшін флотацияны пайдалана отырып тауарлы алтын шоғырларды алу.
  • Құрамында көп мөлшерде қорғасын мен күміс бар «Прогноз» кен орнының алтын-қорғасын-күміс кендері үшін флотациялық қорғасын шоғырын алу.

Жобалауға технологиялық регламенттер әзірленді.

 

Дайындық дәрежесі:

 

Келесілер енгізілді:

  • Риддер байыту фабрикасындағы ескі қалдық қоймасының қалдықтарынан алтын құрамды шоғырларды гравитациялық-флотациялық алу;
  • Тишинск кен орнының кендерін өңдеуге арналған алтын алу бөлігі;
  • Суздаль кен орнының алтын құрамды кендерін өңдеу кезіндегі флотацияның қалдықтарымен алтынның жоғалуын 50 %-ға азайта отырып флотациялаудың үш сатылы сұлбасы;
  • Райгород кен алабы кен орны үшін үймелік ерітінділеу әдісі бойынша мору қыртыстарының алтын құрамды кендерін өңдеу;
  • «Жаңалық» кен орны үшін тотыққан қорғасынның көп мөлшері бар алтын-қорғасын-баритті кендерді флотациялау;
  • «Секисов» кен орны үшін сорбциялық цианидтік ерітінділеу әдісімен сульфидті және аз сульфидті алтын құрамды кендерді өңдеу.

Алтын шығару кәсіпорындарына енгізілген технологияларды іске асырудан түсетін экономикалық пайда жылына 27 млн. АҚШ долларын құрайды.

 

Қолдағы патенттер:

 

ҚР 2 патенті.

 

 

«Фик Алел» АҚ Суздаль кен орны, байыту фабрикасының ұсату цехы

 

«Голд Лэнд» ЖШС Райгород кен орны, үймелік ерітінділеу бөлікшесі

«Фик Алел» АҚ Суздаль кен орны, байыту фабрикасының ұсату цехы

«Голд Лэнд» ЖШС Райгород кен орны, үймелік ерітінділеу бөлікшесі

 

 

 

«Жаңалық» кен орны, байыту фабрикасының ұнтақтау бөлімі

 

«Алтай Кен Байыту» ЖШС Секисов кен орны, алтын шығару фабрикасы

«Жаңалық» кен орны, байыту фабрикасының ұнтақтау бөлімі «Алтай Кен Байыту» ЖШС Секисов кен орны, алтын шығару фабрикасы

 

 

Серіктестері:

 

«Қазцинк» ЖШС;

«Голд Лэнд» ЖШС;

«Фик Алел» АҚ;

«Жаңалық Gold» ЖШС;

«Алтай Кен Байыту» ЖШС;

«Казақалтын» ЖШС;

«Юбилейное» ЖШС;

«Алтын-Жібек» ЖШС.

 

Байланыстар:

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «ШҒЗТКМИтүстімет» ЕМК

070002, Өскемен қ., Промышленная к.,1

Тел.: 8(7232) 753773, 221101

Факс: 8(7232) 753771, 753773

E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек