KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Микро-нано бөлшектерді флотациялауды оның cулы ерітінділерінен газдарды бөлу арқылы газбен қамтамасыз етудің пульсациялық технологиясы

 

Қысқаша сипаттама:

 

ҚР МШКҚӨ ҰО байыту зертханасында өткен ғасырдың соңғы жылдарында шығару дәрежесі мен басқа факторларға қарамастан, флотация жылдамдығы бірінші 4 минут ішінде өсіп, күрт бүгілуден кейін төменге қарай ұмтыладығы эксперименттік түрде орнатылды. Оның себебі газдардың судағы белгілі еру түпкі шегінен – термодинкамикалық «тұрақты» жағдайларда 25 мг/л-ден - көп емес болатыны бұл фактордың теориялық талдауы және газдардың еру қабілетінің рөлін эексперименттік зерттеу нәтижесінде анықталды.

 

Еремин Ю.П., Әбішев Ж.Н., Жәрменов Ә.А. өткен ғасырдың соңғы жылдарында микро бөлшекті флотациялау үрдісін оның сулы ерітінділерінен бөлінетін қажетті мөлшердегі газбен қамтамасыз ету проблемасын шешу жолын тапты. Жоғары жиілікті өрістегі газдың еру және бөліну үрдістері әр түрлі жылдамдықпен (гистерезис ілгегі бойынша графикалық) жүретіндіктен, газдың бөлінуі жоғарыда көрсетілген 25 мг/л шектеуге тәуелді болмайтыны айтылды. Газдардың белсенді және бағытты іріктелініп бөлінуіне септігін тигізетін фактор – ол жүйеде газ көпіршіктерінің іріктелініп түзілу мен олардың жабысуын қамтамасыз ететін (іріктегіш флотация) өлшемдерге дейін өсу үрдісіне көмектесетін сутебетін бөлшектердің болуы.

 

Дайындық дәрежесі:

 

Қазіргі таңда әдісті өңдеу 2,4-3,4 кГц аз диапазонда ауытқуды генерацияланатын мехникалық-гидродинмикалық жоғары жиілікті ротациялық пулсьсациялау аэраторы (ЖРПА) бар 12 литрлік аппаратта жүргізілуде. 0,7-7 кГц инфрадыбыстық диапазонда жиіліктік фактор рөлін анықтағаннан соң жартылай өнеркәсіптік, кейіннен өнеркәсіптік нұсқасын жасау және сынау жоспарланып отыр.

 

Ақжал кен орнының үлгі кенінде микробөлшектік фракцияларды флотациялау кезінде 1 мкм-ден кем микробөлшектік фракциялар мөлшері 120 минут ұнтақтағанда 19 %, ал қорғасынның қорғасын шоғырына өтуі дәстүрлі аэратормен (ЛА) флотациялау кезінде 61,4 %, пульсациялық аэратормен (ЖРПА) флотациялағанда – 81,5 %, мырыштың мырыш шоғырына өтуі, сәйкесінше, ЛА – 50,0 %, ЖРПА – 74,6 %. Шалқия кен орнының қиын байытылатын ұсақ сеппелі кенінде оңтайландыру критерийі бойынша (іріктелініп флотацияланатын минералдың моношоғырға өтуінен бұл шоғырға екінші кендік минералдың өтуін алып тастау) келесі нәтижелер алынды: 120 минут ұнтақтағанда қорғасын айналымында оңтайландыру критерийі ЛА – 40 %, ЖРПА – 47,4 %, мырыш айналымында ЛА – 45 %, ЖРПА – 52,1 %.

 

Қолдағы патенттер:

 

Технология ҚР патенттерімен қорғалған.

 

Серіктестері:

 

Зерттеу аймағында, ЖРПА аппаратында алынатын флотация өнімдерін техника-минералогиялық бағалау балімінде Қ.И. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының қызметкерлері серіктестер ретінде ат салысуда.

 

Байланыстар:

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК

050036, Алматы қ., Жандосов к., 67

Тел.: (727) 2590070, қос. 149; 309-01-38

Факс: (727) 2590075

E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек