KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

«Жетіқара» геотехнологиялық кешенін басқарудың автоматтандырылған бірлескен жүйесі

 

Қысқаша сипаттама:

 

«ЖЕТІҚАРА» (АКСУ ГК «ДЖЕТЫГАРА») геотехнологиялық кешенін басқарудың автоматтандырылған бірлескен жүйесінің концепциясы еліктеу және нысандық-бағдарлық моделдеу әдістерін және позициялаудың жаһандық жүйесінің серіктік навигация жүйесін пайдалана отырып жүйелік атқару негізінде қалыптасқан. «ЖЕТІҚАРА» құрамына келесі тапсырмалардың барлығын шешуге мүмкіндік беретін бірқатар шағын жүйелер кіреді: қорларды санаумен қоса геотехнологиялық кешен жұмыстарының мониторингі (АИС «ГЕОЛОГИЯ»), карьерлік кеңістіктегі, нысандардың техникалық және технологиялық параметрлеріндегі (АСД ГТР «АДИС») кен-техникалық жағдайдың, карьер ішіндегі кен ағыны (АИСМ «Рудопоток») мен экологиялық жағдайдың сапалы сипаттамалардың жедел мониторингі, тасымалдаудың тау-кен, геологиялық және кен-техникалық жағдайларындағы (ИПМК «Календарное планирование ГТР») тау-кен мен тасымалдау құрылғыларының және олардың техникалық сипаттамаларының өзара әсерлесуін ұйымдастыруды есептей отырып, кен жұмыстарын жоспарлау, негізгі технологиялық жабдықтарды жөндеу сұлбалары мен өндірістік қуаттарды (ИПМК «АСУ ПВПМ ГТСК»), имитациялық моделдеу мен карьерлердің технологиялық кешендерінің жұмыстарын автомобильдік және темір жол көліктермен (ИПМК «CEBADAN») оңтайландыруды, сонымен қатар кен-тасымалдау кешен жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштері туралы бірлескен есеп берулерді қалыптастыру жүйесін (ИПМК «Комплексные корпоративные отчеты») өндіру үрдісін басқару.

 

 

 

«АДИС» кен-тасымалдау жұмыстарын реттеудің автоматтандырылған жүйесінің борттық кешені мен базалық бекеті

 

 

Карьердің геотехнологиялық кешенін іске қосудың тиімділігін бір ауысым, ай, жыл ішінде бағалауға арналған «Бәсекеге қабілеттік» бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету өңделуде.

 

Реалды режимде автоматтандырылған мониторинг пен карьер ішіндегі кен ағынының сапалық сипаттамаларын басқаруды іске асыру ұсынылып отырған жүйедегі шешілген ең маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады. Бағдарламада қарастырылған аспаптар жиынтығы кен сапасының тапсырылған критерийлері мен технологиялық шектеулер үшін кәсіпорын кен ағындарының сипаттамаларын оңтайландыруға, реалды режимде шығару блоктарының жұмыс істеу тізбегін жоспарлау мен бақылауды және талап етілген сападағы кен ағындарды алу үшін жабдықтарды жедел басқаруды іске асыруға мүмкіндік береді.

 

«Жетіқара» мүмкіншіліктері көп нұсқалар бойынша автоматтандырылған режимде оңтайландыруды жүргізуге және қарастырылған өндірістік және басқа шектеулерді ескере отырып тиімдіні табуға мүмкіндік береді.

 

Айта кеткен жөн, геотехнологиялық кешенді іске қосу техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеуді тұтас кен-тасымалдау кешені бойынша да, жеке-жеке экскаватор-автомобиль және экскаватор-темір жол кешені бойынша іске асыруға болады. Мұндай мүмкіндік жүйе сезімталдығын қамтамасыз етеді және өзіндік құнның көтерілу себебін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Жүйенің негізгі ерекшелігі мен артықшылығы жедел, ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың, сонымен қатар анық, тез алынатын және өндірістегі ағымдағы экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды ескеретін кен-геологиялық, кен-техникалық ақпарат негізінде геотехнологиялық кешенді басқару үрдісін негіздеу болып табылады.

 

«ЖЕТІҚАРА» карьерлерде геотехнологиялық кешендерді кең көлемде басқаруға арналған. Қойылатын талаптарға және атқарылатын істерге байланысты кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне арналған: карьерде технологиялық үрдістерді атқаратын жұмысшыдан бастап жоғарғы сатыдағы басшыға дейін.

 

Жүйе, ең алдымен, дәл сондай шетелдік зерттемелерге қарағанда өнімнің айқын төмен бағасымен, әлемде әзірге шешілмеген ғылыми-теориялық және тәжірибелік маңызы бар тапсырмалардың шешілуімен, зерттеудің жаңа әдістері мен соңғы әлемдік экономикалық жетістіктердің қолданылуымен бәсекеге қабілетті. Сонымен қатар, дәл осындай әлемдегі атақты жүйелердің бір де біреуі, тәжірибеде көп қолданылуына қарамастан, өзіндік құнды есептеуді, экологиялық шығарындылар мен шығындарды, кен ағындарының сапалық сипаттамаларын есептеуді іске асыруға мүмкіндік бере алмайды және белгілі жүйелердің ешқайсысы кешен жұмыс істеуінің бірлестік жағдайына байланысты геотехнологиялық кешендерді жоспарлау мен басқаруды атқармайды және өздерінің есептеулерінде карьерлердің кен-тасымалдау жүйелерінің жұмысын имитациялық моделдеуді пайдаланбайды.

 

Дайындық дәрежесі:

 

Енгізуге дайын.

 

Қолдағы патенттер:

 

Ұсынылған жүйелер бойынша ҚР бастапқы патенттері, сәйкес келу сертификаттары алынды.

 

Серіктестері:

 

«Қостанай минералдары» АҚ;

«БалхашБелАЗсервис» ЖШС;

«БелАЗ» ААҚ.

 

Байланыстар:

 

«Д.А.Қонаев ТКІИ» ЕМК, «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК

050046, Алматы қ., Абай даңғ., 191

Тел.: (727) 376-52-37, 376-53-72

Факс: (727) 376-52-97

E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек , Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек