KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Электромагнитті перфоратор

 

Қысқаша сипаттама:

 

Электромагнитті перфоратор (ЭМП) бекемдігі Протодьяконов бойынша 10-нан артық жыныстарда диаметрі 40 – 85 мм шпурлар мен ұңғымаларды бұрғылауға арналған, Д.А. Қонаев атындағы тау-кен ісі институтында жасалған және өзінің техникалық сипаттамалары бойынша шетелде аналогтары жоқ. Оның электрлік энергиясы тікелей кен жыныстарын бұзудың (бұрғылаудың) соққы энергиясына айналады, п.ә.к. 0,35 – 0,40.

 

ЭМП келесі бірқатар айқын кемшіліктері бар ұқсас кластың (мысалы, ПК-75) пневмо- және гидроперфораторларының орнын ауыстыру үшін әзірленген: энергияның бір түрден екінші түрге көп дәрежеде ауысуы; жұмыс кеңістігіне зиянды шығарындыларды тастау және жалпы п.ә.к. 0,02 – 0,06 пневмоперфораторлар жұмыс істегенде шудың жоғары дәрежесі.

 

ЭМП қысқаша техникалық сипаттамасы (тәжірибелік үлгі)

 

Параметр атауы

Өлшем бірлігі

Паратемр мәні

Бірлік соққы энергиясы

Дж

150

Соққы жиілігі

уд/мин.

3000

Ауыспалы ток жүйесінен қуат алу

В, Гц

380, 50

Габариттік өлшемдер

мм

960х445х260

Соққы түйінінің айналдырғышпен қосқандағы массасы

кг

140

Соққы түйіні пайдаланатын энергия

кВт

35

Айналдырғыш редуктор арқылы қарнақта айналу жиілігі 140 айн/мин 310 Н·м айналғыш мезетін туғызатын 3 кВт асинхронды электрқозғалтқыштан тұрады .

 

ЭМП артықшылықтары:

  • Дәлліктің жоғары класы бойынша орындалатын бөлшектері жоқ болғандықтан, жасауда оңай және арзанырақ;
  • айналмалы ток желісінен тікелей қуат алады, компрессорлы шаруашылықты және ауақұбырлар желілерін немесе жоғары қысымды май бекетін қажет етпейді;
  • экологиялық таза, ол жұмыс істегенде зиянды шығарындылар түзілмейді (майлы аэрозоль және сулы тұман), ал шу дәрежесі санитарлық нормалардан аспайды.

ЭМП-ды ЛПС-3у типті бұрғылау станогына немесе гидрофицирленген бұрғылау арбалаына орнатуға болады.

ЭМП электрлік бөлігі қауіпсіздік техникасының талаптарына сай орындалған. ЭМП ҚТ мен ЕҚ бойынша сәйкес истанциялардың сараптамасынан өтті, ТӨ органдарынан жер асты жағдайларда ЭМП-ды қолдануға рұқсат алынды.

 

Дайындық дәрежесі:

 

ЭМП-дың ҚР «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ гранты бойынша жасалған тәжірибелік үлгілері «Қазцинк» АҚ Риддер-Сокол кенішіндегі жер асты жағдайларда өндірістік сынақтан сәтті өтті, сынақтар 56 мм бұрғытәжбен бекемдігі 18-20 жыныстарды бұрғылағандағы максималды бұрғылау жылдамдығы 600 мм/мин құрады, бұл ПК-75 пневмоперфораторына қарағанда 1,6 есе жоғары.

 

Электромагниттік перфоратор

emp-ridder3

Электромагниттік перфоратордың тәжірибелік үлгісі

«Қазцинк» АҚ Риддер-Сокол кенішінің кенжарында ЭМП-ды сынау

 

Қолдағы патенттер:

 

Нысан КСРО авторлық куәліктерімен және ҚР бастапқы патенттерімен қорғалған.

 

Серіктестері:

 

«С.М. Киров атынд. Машзавод» АҚ.

 

Байланыстары:

 

«Д.А.Қонаев ТКІИ» ЕМК, «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК

050046, Алматы қ., Абай даңғ., 191

Тел.: (727) 376-53-00; 376-52-99

Факс: (727) 376-52-97

E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек