KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Пресс-релиз

 

Тау-кен жұмыстарын жоспарлау және жабықтарды таңдау бойынша 20-сыншы Халықаралық симпозиум MPES2011 Алматы қаласында 2011 ж. 12-14 қарашада өтті.

 

Симпозиумға барлығы 30 елдерден 180 адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің, қазақстандық ірі кен-металлургиялық кәсіпорындарының (АрселорМиттал Теміртау, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ) өкілдері қатысты.

 

Симпозиум MPES 2011 екі толық және жиырма секциялық мәжілістерде, сонымен қатар постерлік сессияда ұсынылған, келесі негізгі мәселелерді зерттеуге негізделген баяндамаларды пікірталастық талқылау форматында өтті:

  • ашық және жер асты кен жұмыстарын жобалау және жоспарлау;
  • тау-кен жабдықтарын таңдау және кен жұмыстарын автоматтандыру;
  • топырақ құнарлылығын қалпына келтірудің, шахталарды жабу мен тау-кен өндірісінің қалдықтарын жоюдың тиімді әдістері;
  • геомеханика және кен жұмыстарының қауіпсіздігі, экономикалық және техника-экономикалық зерттеулер мен қорларды бағалау;
  • өнеркәсіптің қазып шығарушы компанияларының қоғамдық мәселелерді шешуі;
  • кен жұмыстарын жобалау мен басқарудағы ақпараттық технологиялар;
  • кен ісі мен минералдық шикізатты өңдеу үрдістерінің экологиялық аспектілері.

"Қазақстанның түсті металдар металлургиясы – тарихы және қазіргі жағдайы" мен "Қазақстанның тау-кен ісі және металлургиялық кешеніндегі инновациялық технологиялар" екі сессиясы Халықаралық инженерлік академияның және Ұлттық инженерлік академияның академигі С.Т. Тәкежановтың құрметіне арналды.

Симпозиум төңірегінде "Кен-металлургиялық кешенге арналған қазіргі технологиялар, машиналар және жабдықтар" көрмесі өтті. Оған кен-металлургиялық кешеннің кәсіпорындарына тау-кен жабдықтары мен зертханалық жабдықтарды жеткізумен айналысатын қазақстандық және шетел компаниялары (LSH-International и ESSA-FLSmidth, Австралия; Krusz-Serwis.Pl, Польша; КРИСАналит, Қазақстан және т.б.) қатысты.

 

Фотогалерея